426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Bloomberg: Пандемияға дейінгі өмірге алты айдан кейін оралуымыз мүмкін

  • 163
  • UPD: 08:06, 21.09.2021
Bloomberg: Пандемияға дейінгі өмірге алты айдан кейін оралуымыз мүмкін

Алты айдан кейін коронавирусты жеңіп, қалыпты өмірге оралуымыз бек мүмкін.

Bloomberg агенттігінің сарапшылары осылай дейді. Олардың айтуынша, қазір әлемде 6 миллиардқа таяу доза салынған. Орта есеппен күніне 33 миллион егіледі. Осылайша, бүгінде әлем халқының 39%-і вакцина алды. Егер осы қарқыннан таймасақ, жарты жылдан кейін екпе салдырғандар саны 75%-ке жетуге тиіс. Алайда вакциналау науқаны барлық жерде бірдей емес. Бай мемлекеттерде кедей елдерге қарағанда 20 есе жылдам жүріп жатыр. Мәселен, Испанияда халықтың 77%-і екпенің екі дозасын да алса, Конго мен Йеменде олардың үлесі 0,1%-ке де жетпейді.

 

Хабар 24 телеарнасы