425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Австрия билігі тау-шаңғы шипажайларына тек екпе салдырғандарды жібереді

  • 120
  • UPD: 08:13, 21.09.2021
Австрия билігі тау-шаңғы шипажайларына тек екпе салдырғандарды жібереді

Қысқы спортты өркендеткен Австрия билігі тау-шаңғы шипажайларына коронавирусқа қарсы вакцина салдырған не бұған дейін ковидпен ауырған туристерді ғана жібереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демалушылар екпе алған-алмағанын растау үшін сертификатты өзімен бірге алып жүрмесе де болады. Бұл ақпарат билет сатып алу кезінде бірден анықталады. Билік алдағы рождестволық жәрмеңкелер кезінде де вакцина салдырмағандар үшін шектеулер енгізілуі мүмкін екенін ескертті. Тау-шаңғы шипажайларының өкілдері осы екпенің арқасында бұл маусым өткен маусыммен салыстырғанда табысты болатынына сенімді. Өйткені қазірдің өзінде алдын ала билет сатып алғандар аз емес.

Элизабет Кестингер, Австрия туризм министрі:

- Вакцина салдырған адамдар тек бетперде тағып жүру керек. Одан басқа ешқандай шектеу болмайды деп ойлаймын. Сондықтан 2021-2022 жылғы қысқы маусымда Австрияның тау-шаңғы шипажайларында ештеңеге алаңдамай демаламын дегендер міндетті түрде екпе салдыруы қажет.

Хабар 24 телеарнасы