27 жастағы жігіт Эйфель мұнарасы мен Шайо театрының арасын арқанмен жүріп өтті

Париж тұрғындары керемет көріністі тамашалады. 27 жастағы Натан Полен Сена өзенінен 670 метр биіктікте Эйфель мұнарасы мен Шайо театрының арасына тартылған арқанмен жалаң аяқ жүріп өтті.

Жігіт қауіпті қашықтықты 30 минутта еңсерді.

Желді ауа райына қарамастан, Полен өзін сенімді ұстады. Натан төрт жыл дайындалған. Жолдың ортасында ол көрермендерді алаңдатып, түрлі қауіпті қимылдар жасаған.