Pfizer вакцинасы 5 пен 11 жастағы балалар арасында сынақтан сәтті өтті

Pfizer және BioNTech вакцинасы сынақтың екінші фазасынан сәтті өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шараға 5 пен 11 жас аралығындағы балалар қатысқан. Компания зерттеудің нәтижесі бойынша препараттың қауіпсіз екенін жария етті. Сынақ барысында балаларға дәрінің екі компоненті егілген екен. Екінші доза 21 күннен кейін салынған. Мамандардың айтуынша, вакцина оңай қабылданды. Ағзада ауруға қарсы антиденелер бір айдан кейін пайда болған. Енді жыл соңына дейін препарат 6 ай мен 5 жас аралығындағы балалар арасында сыналмақ. Зерттеу нәтижесі жылдың соңында жарияланады.