Жапонияда әлемдегі ең қарт егіздер тұрады

Жапонияның 107 жастағы тұрғындары – апалы-сіңлілі егіздер әлемдік рекорд орнатты.

Олар әйелдер арасында ең қарт егіз атанды. Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының сайтында хабарланды.

Рекорд тіркелген сәтте (2021 жылдың 1 қыркүйегі) Умено Сумияма мен Коме Кодаманың жастары 107 жыл 300 күнді құраған. Олар 1913 жылдың 5 қарашасында Кагава префектурасындағы Седо аралында дүниеге келген. Жастайынан екеуі екі жаққан кеткен, бірақ байланыстарын үзбеген.

Қарттар үйінде тұратын апалы-сіңліліге әйелдер арасында тарихтағы ең қарт егіз деген сертификат табысталды.

Бұған дейін Жапонияда қарт кісілердің саны рекордтық көрсеткішке жеткенін жазғанбыз

Сондай-ақ: 

Адамды ерте қартайтатын өнімдер аталды

Дәрігер әдемі қартаюдың үш сырын атады