Испания мен Италия полициясы алаяқтықпен ақша ұрлаған қылмыстық топты ұстады

Испания мен Италия полициясы онлайн арқылы халықты алдап, ақша тапқан ірі қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі елдің аумағында жүргізілген операциялар кезінде барлығы 106 күдікті тұтқындалды. Қамауға алынғандардың басым бөлігі Италия азаматтары. Заңсыз әрекеттер де негізінен осы мемлекетте жасалған. Қылмыстық топ биылдың өзінде 10 миллион еуро пайдаға кенелген.