Қытайдың «Тяньчжоу-3» кемесі ғарыш станциясымен сәтті түйісті

Қытайдың «Тяньчжоу-3» жүк кемесі осы елдің ғарышта салынып жатқан  станциясымен сәтті түйісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол орбитаға азық-түлік, жанармай және өзге де құрал жабдық жеткізді. Жұмыстар 1 жылға созылуы мүмкін. Жалпы осы жоба шеңберінде ғарыш станциясына тағы 7 кеме ұшырылады. Ал ғарыш станциясы іске қосылған соң оны 10 жыл пайдалану көзделген.