Үндістанда әскери тікұшақ апат болды

Джамму мен Кашмир аумағында Үндістанның әскери тікұшағы апат болды.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, аймақ орталығы саналатын Сринагар қаласынан 200 шақырым жердегі Удхапур ауданында болған.

Бортта екі адам болған. Екеуі де дарақат алған. Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп деген болжам бар.