Суданда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды

Суданда төңкеріс әрекеті болды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Әскери топ ел астанасы Хартумды өз бақылауына алуға тырысты.

Таңертең Хартум көшелерінде танктер пайда болды, әскери қызметшілер Ніл өзенінің бойындағы барлық көпірді жауып тастады. 

Белгілі болғандай, төңкерісті елдің экс-президенті Омар Әл-Баширдің жақтастары жасамақ болған. Оларды генерал-майор Абдель Баки Бакрауи басқарып, әскери кеңес мүшелерін тұтқындауды жоспарлаған. Барлығы 40-қа жуық офицер ұсталды. Оның ішінде Бакрауи да бар. Жағдай биліктің толық бақылауында.