425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бразилия президентін Нью-Йорктегі мейрамханаға кіргізбей қойды

  • 134
  • UPD: 21:19, 21.09.2021

Бразилия президенті Жаир Болсонаруды Нью-Йорктегі мейрамханаға кіргізбей қойды. Өйткені ол коронавирусқа қарсы вакцина салғызбаған.

Ал шаһардағы санитарлық талап бойынша екпесі жоқ азаматтар мейрамхана ішінде тамақтана алмайды. Сондықтан мемлекет басшысы жанындағы бірнеше министрмен сыртта отырып, ас ішкен. Негізі Жаир Болсонару екі күн бұрын ғана тура осындай жағдайға тап болған.

Айта кеткен жөн, қазір Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы өтіп жатыр. Жаир Болсонару соған қатысу үшін келген. Бас Ассамблея залына кіру үшін вакцина салдырған-салдырмағанды растаудың қажеті жоқ. Негізі көбі осы Бразилия президентін «коронавирус қаупін жете бағаламайды» деп қатаң сынға алады. Мәселен, басқа елдер карантин талаптарын күшейтіп жатқанда ол керісінше штат басшыларына шектеулерді алып тастауға бұйрық берген. Сөйтіп жүріп былтыр президент өзі коронавируспен ауырып шыққан.

Хабар 24 телеарнасы