Колумбияда 3 тоннадан астам кокаин тәркіленді

Колумбия әскері 3 тоннадан астам кокаин тәркіледі. Мұнда кокаинның қара нарықтағы құны 5 миллион долларға бағаланып отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша есірткі «Ұлттық аза тұту әскері» атты көтерілісші топқа тиесілі болған. Осыдан екі апта бұрын әскерилер есірткінің дәл осы түрінің 2 тоннасын тәркілеген еді.

Колумбия әлемде кокаинның ең ірі өндірушісі саналады. Кесірлі заттың жылдық көлемі 950 тонна шамасында. Қазір билік есірткімен күресті күшейткен. Нәтижесінде жүздеген адам қамауға алынып, тыйым салынған зат жасайтын бірнеше зертхана жойылды.