Джо Байден Израиль – Палестина түйткілін шешудің тиімді жолын ұсынды

Джо Байден қазір Нью-Йоркте өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының отырысында Израиль – Палестина түйткілін шешудің тиімді жолын ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ президентінің ұсынысы бойынша, «Екі халыққа арналған екі мемлекет» қағидатын ұстанған абзал. Сонда 70 жылдан астам уақытқа созылған қақтығыс тоқтайды.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

– Екі мемлекет құру – өміршең, егеменді және демократиялық Палестина мемлекетімен бірге бейбітшілікте өмір сүретін болашақ Израильді демократиялық еврей елі ретінде сақтаудың ең жақсы жолы. Бұл мақсатқа жету үшін алдымызда ұзақ жол бар. Бұл идеяны ешқашан тастамауымыз керек.