Аргентина халқы кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы ереуілге шықты

Буэнос-Айресте жүздеген адам кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашулы халық биліктен жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік көмек беруді сұрап отыр. Наразылық акциясы президент сарайының алдында ұйымдастырылған.

Айта кетейік, Аргентинадағы экономикалық дағдарыс пандемия басталғалы ушығып кетті. Елдің Халықаралық валюта қорының алдындағы берешегі 45 млрд АҚШ долларына дейін жетті. Жылдық инфляция мөлшері 50 процентке жетті. Ал ел тұрғындарының 42 проценті кедей. Екі қолға бір күрек таба алмай жүргендердің қатары да күн өткен сайын артып барады