Коронавирус испан тұмауын жолда қалдырды

АҚШ-та коронавирус испан тұмауын жолда қалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Испан тұмауынан 100 жыл бұрынғы эпидемия кезінде 675 мың адам көз жұмған еді. Ал ковид-19-дан қайтыс болғандар саны ол көрсеткіштен асып кеткен. Осылайша коронавирус ел тарихында ең көп адам көз жұмған пандемияға айналды.

Десе де, кейбір сарапшылар екі індетті салыстырудың қажеті жоқ дегенді алға тартады. Өйткені жүз жыл бұрын АҚШ халқының саны 3 есе аз болған. Сонда испан тұмауы кезінде 150 адамның бірі өлім құшқан. Ал коронавируста, статистика бойынша, 500 адамның біреуі қайтыс болады.

Мамандар кісі өлімін тежеудің жалғыз жолы – вакцина екенін тағы да еске салады. Елде әлі 70 миллион тұрғын екпе салдырмаған.

Сондай-ақ...