Еуроодақта Brexit мәселесіне қатысты дау шықты

Австралия Ұлыбританиядан немесе АҚШ-тан сүңгуір қайықтар сатып алмақ. Бұл Еуроодақтың үлкен алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми Канберра осыған дейін бұл қайықтарды Франциядан алмақ болып, келісімшарт жасасқан еді. Бұл Еуроодақтың үлкен алаңдаушылығын тудырды. Өйткені тараптар өз бетінше әрекет жасамауға тиіс. Брюссельде бас қосқан Еуроодақ министрлері Брексит салдарын талқылап, Франция өкілі Австралияның аталған шешіміне қарсы шара қолданатынын жеткізді. Оны басқа әріптестері де қолдап отыр.

Михаэль Рот, ГФР-дың Еуропа ісі жөніндегі министрі:

– Австралияның Франциядан сүңгуір қайықтарды сатып алу туралы келісімшарттан бас тартуы – ЕуроОдақ үшін алаңдатарлық жағдай. Біз Одаққа мүше емес басқа елдерге сенім арта алмаймыз. Сол үшін көзқарастардың әр алуандығын еңсеріп, барлық мәселелер бойынша ортақ майданға жұмылуымық керек-ақ.

Брекситтен кейін сауда-саттық дауы Солтүстік Ирландиямен арада пайда болды. Брекситтен кейін Солтүстік Ирландия Ұлыбританиямен бірге Еуроодақтан автоматты түрде шығып, бірақ кедендік аумақта қалған еді. Алайда Ирландия теңізі арқылы өткен жүк кемелері кедендік тексерістен өтіп, кедергі туындады. Еуроодақ бұл мәселені жыл аяғына дейін шешеміз деп отыр. Әйтпесе, Британия кедендік аумақ ережесінің күшін жойып, Солтүстік Ирландия Еуроодақтан мүлде ажырауы мүмкін.

Марош Шевчович, Еурокомиссия вице-президенті:

– Біз іздеп отырған шешімдер Ирландия мен Солтүстік Ирландияға қатысты хаттамалар аясында қабылданады. Аталған хаттама Біріккен Корольдікпен бірге тапқан ең жақсы шешім деп есептейміз, оған еш шүбә жоқ. Бұл құжат нық сенімді, тұрақтылықты және дәл болжамды білдіреді.