Австралияда 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді

Австралияның Мельбурн қаласы аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүмпудің күші 5,8 баллға дейін жеткен. Сейсмологтар тербеліс ошағы 2 шақырым тереңдікте болғанын айтады. Елдің оңтүстік-шығыс аумағында бірнеше ғимаратқа зақым келген. Мамандар цуна-ми қаупі жоқ екенін айтады. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ жұрт шошынып қалған.

Робби Ахчи, жергілікті тұрғын:

– Жер сілкінісі басталғанда үйімде болдым. Жиһаз қозғалған кезде бірден зілзала екенін түсінген жоқпын. Сыртқа қарасам, электр желілері мен көрші тұрған ғимараттар да қозғалып жатыр. Шыны керек, қорқып кеттік.