426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Пермьдегі атысты ұйымдастырған студенттің аяғы ампутацияланды

  • 173
  • UPD: 12:02, 22.09.2021
Пермьдегі атысты ұйымдастырған студенттің аяғы ампутацияланды

Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс ұйымдастырған студент Тимур Бекмансуров аса ауыр халде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, қаскөйдің балтыры ампутацияланған, жағдайы тұрақсыз.

Естеріңізде болса, 20 қыркүйекте Бекмансуров өзі оқитын жоғары оқу орнына қарумен келіп, атыс ұйымдастырған. Салдарынан алты адам көз жұмып, 43 адам жарақат алды. Қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев пен білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов көңіл айтты.

Көп ұзамай атыс болған жерден видео тарады.

Хабар 24 телеарнасы