Австралияда коала саны күрт азайды

Австралияда кейінгі 3 жылда коала саны үштен бірге қысқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған құрғақшылық, орман өрті мен ағаштардың оталуы себеп. Әсіресе Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы жағдай күрделі. Мұнда жануар саны 41 процентке азайған.

Айта кеткен жөн, Австралияда 2019 жылдың аяғы мен 2020 жылдың басында алапат орман өрті болған еді. Соның салдарынан талай жануар қырылып қалды. Сол кезде 60 мың коала жарақат алған еді.

Дебора Табарт, Австралияның коалалар қорының директоры:

– Бізге коалаларды қорғап қалу үшін жаңа заң керек деп санаймын. Өйткені бұл жануар Австралияның нышаны саналады. Біз кәсіпорын иелеріне жерді пайдалану бойынша заңмен қатаң талаптар қоятын болсақ, бәрі дұрыс болар еді.