Зеленскийдің кеңесшісіне шабуыл жасалды

Зеленскийдің кеңесшісіне шабуыл жасалды
korrespondent.net

Киевтің Лесники ауылы жанында Владимир Зеленскийдің бірінші көмекшісі Сергей Шефирге қастандық жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Белгісіз біреулер оның көлігіне оқ жаудырған. Салдарынан Сергей Шефирдің жүргізушісіне үш жерден оқ тиіп, жарақат алған. Оған оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Кеңесшінің өзі зардап шекпеген.

Қастандық жасаушылар іздестірілуде.