Ресейде Cosmoscow заманауи өнер жәрмеңкесі өтті

Мәскеуде қазіргі заманғы өнер туындыларының халықаралық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған ресейлік және шетелдік суретшілер, коллекционерлер мен галеристері бар жалпы 62 ұжым қатысты. Арасында Австрия, Аргентина, Бельгия, Болгария, Германия, Гонконг, АҚШ, Франция және Швейцариядан өкілдер болды.

Аталған арт-көрме 2014 жылдан бері қыркүйек айында тұрақты өтіп келеді. Көрме онлайн да көрсетілді.

Тақырыптардың бірі әлемдегі экология мәселесіне арналған.

Жәрмеңке кезінде пластик карталар, қағаз билеттер мен каталогтарды пайдалануға тыйым салынды.

Сондай-ақ...