Ауғанстанда «Талибан» үкіметі жаңа лауазымдармен толықтырылды

Ауғанстанда «Талибан» үкіметі жаңа лауазымдармен толықтырылды

Ауғанстандағы «Талибан» үкіметі жаңа лауазымдармен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәліптер министрлердің орынбасарларын таныстырды. Бұл министрлер кабинеті уақытша жұмыс істейді. Бірақ үкімет құрамында бірде бір әйел жоқ. Қазір Ауғанстан Ислам әмірлігі қыздарға мектепке баруға, ал әйелдерге жұмыс істеуге рұқсат беретін заң жобасын әзірлеп жатыр. Ең бастысы, қыз-келіншектер шариғат ережелерін толық ұстануы тиіс.