БҰҰ Бас Ассамблеясына келген Бразилия министрі коронавирус жұқтырды

АҚШ-та жүрген Бразилияның денсаулық сақтау министрінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Нью-Йорктегі Бас Ассамблеяға Бразилия президентімен бірге еріп келген болатын. Енді министр еліне қайтпай, шаһарда 14 күндік карантинге қалады. Жанында болған делегация мүшелерінің барлығы ПТР-тест тапсырып, алдағы күндері қашықтан жұмыс істейді.

Айта кеткен жөн, кеше ғана Бразилия президентін Нью-Йорктегі мейрамханаға кіргізбей қойған еді. Өйткені ол коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған. Мемлекет басшысының жанында осы денсаулық сақтау министрі де болған. Бүкіл делегацияға тамақтану орнының сыртында ас ішуге тура келді.