Электр энергиясы бағасының шарықтауы Еуроодақ елдерін алаңдатып отыр

Еуропадағы газ бен электр энергиясы бағасының шарықтауы Еуроодақ елдерін алаңдатып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәрі құрлықта газ құны қаңтар айынан 250%-ке өсіп, электр энергиясы 3 есе қымбаттаған. Сарапшылар бұл қыс мезгілі алдында «Газпромның» Ресейдегі қоймаларды толтыруға күш салуынан деп отыр. Және Еуроодақ пен АҚШ саясаткерлерінің «Солтүстік ағын-2» жобасын іске қосуға кедергі келтіруінен деп айтады.

Кадри Симсон, ЕО Энергетика жөніндегі Еурокомиссары:

- Кездесуде электр энергиясы бағасының шарықтауына қатысты мәселе көтеруді жоспарлап отырмын. Менің ойымша, Еуропа жаңғыртылатын қуат көздеріне қаржы бөліп қолдауды күшейту қажет. Себебі, ол қазбалы отын импортына тәуелділікті азайтуға көмектеседі.