Ла Пальма аралында коммуналдық қызмет көшеден жанартаудың күлін жинап жатыр

Испанияның Ла-Пальма аралындағы коммуналдық қызмет өкілдері жанартау атқылауынан кейін көшедегі күлді жинаумен айналысып жатыр.

Оларға жергілікті тұрғындар көмекке шыққан.

Айта кеткен жөн, бірнеше күн бұрын мұнда Кумбра-Вьеха жанартауы атқылаған еді. Салдарынан 80 мың халқы бар аралдың 6 мың тұрғыны үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Сонң арқасында ешкім жапа шеккен жоқ. Десе де, ыстық лава 200-ге жуық үйді бүлдірген. Сорақысы сол -  жанартаудың атқылауы әлі басылмай тұр.  

БЛИЦ

- Жағдайымыз расымен күрделі. 200 үйді ыстық лава басып қалды. Олар енді тұруға жарамсыз. Көптеген адам барынан айырылып қалды. Алда не болары да белгісіз. 

- Мына сұмдықтың бәрін көріп көзіме еріксіз жас келеді. Өткен аптада ғана бәрі тамаша еді. Аралдағы ахуал мүлде басқаша болатын. Алайда бүгінгі жағдай, көріп тұрғандарыңыздай.

Сондай-ақ...