Ресейде жоғалған АН-26 ұшағының сынықтары табылды

Ресейдің Хабаровск аймағында жоғалған АН-26 әскери ұшағының сынықтары табылды, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС сілтеме жасап.

Жаттығу жасап жүріп жоғалып кеткен Ан-26 Большехехцирский қорығынан 3 км қашықтықтағы Корфовский ауданы маңында құлаған. Бортта 6 адам болған. Әскери ұшақтың құлауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.