Бразилияда әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету дерегі көбейді

Бразилияда соңғы 1 жылдың ішінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық 27-ден 37 процентке дейін өскен.

Бұл Дүниежүзілік банктің арнайы зерттеу тобының мәліметтері. Осыған байланысты елдегі ең ірі Сан-Паулу қаласында қыз-келіншектер өзін өзі қорғау сабақтарына бара бастаған. Осылайша әйелдер үйдегі және көшедегі шабуылдарға қарсы тұра аламыз дейді. Зерттеушілер зорлық-зомбылықтың күрт артуын елдегі ауыр эпидахуалмен және экономикалық дағдарыспен байланыстырады. Тіпті Бразилия үкіметі шілде айында әйелдердің өзін өзі қорғау бойынша заң жобасын ұсынған. Қазір бұл құжат парламент қарауында жатыр. Егер мақұлданса, осы бағытта бюджеттен арнайы қаржы бөлінбек.

Флавиа Родригес, әйелдер қауымдастығының президенті:

- Бүгінде біздің өміріміз зорлық-зомбылыққа толы. Коронавирус кезінде қыз-келіншектерді өлтіру және оларды азаптау оқиғалары көбейгенін көріп отырмыз. Сондықтан өзін өзі қорғау сабақтарын қолға алдық. Келушілер өте көп.

Сондай-ақ...