Берлинде халық жеке көліктен бас тартты

Германия астанасында автобустар, метро мен электр пойыздарымен жүру бір күнге тегін болды.

Тәжірибе аясында Берлин тұрғындарына көліктерінен бас тарту ұсынылды. Мұндай іс-шара алғаш рет 1973 жылы мұнайға байланысты дағдарыс кезінде өткен еді. Ал қазіргі бастама климатты қорғауға арналған. Оған қатысуға жергілікті тұрғындарға да, туристерге де мүмкіндік берілді. Бірақ Берлиндегі транспорт компаниясының тегін науқанның салдарынан 500 мыңнан 700 мыңға дейін шығынға ұшыраған болармыз деп қынжылып отыр. Дегенмен, бұл шығынның орнын мемлекет өтеп береді. Есесіне көліксіз күннің арқасында 35 көшеде тек ғана жаяу адамдар жүрген.      

Алекс, Берлин тұрғыны:

- Бұл керемет екен. Жолақы билетін сатып алудың еш қажеті жоқ. Бірақ жылына бір рет емес, бұдан да көбірек тегін жүрсек. Сонда да бір күн болса да көліктен бас тарту қоршаған ортаға өте пайдалы. Автобуспен, трамваймен жүру әдетке айналса, көшеміз кеңейіп қалар еді.

Анук, ұйымдастырушы:

- Көліксіз күннің аясында біз осы көшедегі қозғалысты азайттық. Осылайша балалардың емін-еркін ойнауына мүмкіндік тудырдық. Өзіміз де, өзгелер де қуанып жүр. Жаяу жүру денсаулығымыз үшін пайдалы.