Пәкістанда әуе күштерінің ұшағы құлады

Пәкістанның солтүстік-батысында орналасқан Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Мардан аймағында Пәкістан әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Ұшақ оқу-жаттығу рейсін орындаған.

Басылымның мәліметінше, бортта бір ұшқыш болған. Ол қаза тапты.

Ұшақ құлаған жерде оқиғаның себебін анықтайтын комиссия жұмыс істеп жатыр.