Австралияда ковид жұғудың жоғары көрсеткіші тіркелді

Австралияның Виктория штатында 800-ге жуық адам ковидке шалдыққан. Қазір Мельбурн қаласы локдаунда болғанына 200 күннен асты.

Шектеулер қазан айының аяғына қарай біртіндеп алынуы мүмкін. Бірақ бұл үшін жасы 16-дан асқан азаматтардың 70 проценті толық вакцина алуы тиіс.

Дэниель Эндрюс, Виктория штатының премьері:

- 30 қыркүйектен бастап қауіп-қатер деңгейі жоғары аймақтардан, оның ішінде Сидней қаласынан Виктория штатына келгендер 14 күн бойы үйінде карантинде болады. Қатаң шаралар болашағымыз үшін мәжбүрлі түрде қабылданып отыр.