Перуде шалғайдағы ауыл халқын вакциналау жүріп жатыр

Перуде шалғайдағы ауыл халқын вакциналау жүріп жатыр

Перуде шалғай аймақтарда тұратын тұрғындарды вакциналау басталды. Елде коронавирусқа қарсы екпені 9 миллионға жуық тұрғын салдырған.

Вакцинаны елдің 30 проценті ғана алған. Былтыр індет басталғалы бұл елде коронавирустан 200 мыңдай адам қайтыс болған. 

Йованна Гонсалес, медбике:

- Еліміздегі тұрғындар шашыраңқы орналасқан. Соған орай халық қайда болса, біз сонда барамыз. Бұл біздің жаңа стратегиямыз. Қыркүйектен бастап ең шалғай деген жерлерге барып жатырмыз.