Үндістанда мүйізтұмсықтың 2,5 мың мүйізі өртелді

Үндістанның Ассам штатында мүйізтұмсықтың 2500-ге жуық мүйізі өртелді, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Ассам штатында бір мүйізді мүйізтұмсықтардың әлемдегі ең үлкен популяциясы тұрады. 2018 жылғы санаққа сәйкес аймақта шамамен 2 650 мүйізтұмсық бар, олардың 2 400-ге жуығы Казиранга ұлттық саябағында өмір сүрген.

– Осы іс–шара арқылы біз әлемге мүйізтұмсықтың мүйіздері тек тығыздалған шаштан тұратынын жеткізгіміз келеді. Олардың емдік қасиеті жоқ. Біз адамдарды сирек кездесетін жануарларды өлтірмеуге және олардың мүйіздерін ырымшылдық немесе мифтер негізінде сатып алмауға шақырғымыз келеді. Біз мүйізтұмсықтардың табиғи өмір сүруіне және өсуіне мүмкіндік беруіміз керек, - деді Химанта штатының Үкімет басшысы Бисва Сарма.

Өртенген мүйіздер браконьерлер мен жануарлардың бөлшектерін сатушылардан, штаттың ұлттық парктері мен қорықтарындағы өлі мүйізтұмсықтардан алынған. Ең ұзын сақталған мүйіз ұзындығы – 57 см, ең ауыры – 3 кг. Жойылған мүйіздердің жалпы салмағы 1 305 кг құраған.