Португалияда халықтың 85% жуығы вакциналанды

Португалия билігі халықтың 85 процентін коронавирусқа қарсы вакциналау межесіне тақап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Еуропада ғана емес, әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш. Тұрғындарды егудің қарқынды жүргізілуінің арқасында науқастар саны да азайған. Аруханаға түскендер қарасы соңғы 18 айда ең төменгі көрсеткішке жеткен. Мамандар жетістікті әлеуметтік ауызбіршілік пен халықтың әскер мен денсаулық сақтау саласына деген сенімінің жоғарлығымен түсіндіреді. 10 миллионнан аса тұрғыны бар Португалияда індет басталғалы 1 миллион адам вирусты жұқтырған.

Сондай-ақ...