Теннесси штатында қарулы адам тұрғындарға шабуыл жасады

АҚШ-тың Теннесси штатының Кольервилл қаласындағы супермаркетте атыс болып, 2 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оққа ұшқандардың біреуі шабуыл жасаған күдіктінің өзі. Полицияның айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Тағы 12 тұрғын жарақат алды. Барлығы ауруханаға жеткізілген. Әзірге күдіктінің не үшін оқ атқаны белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дейл Лейн, Кольервилл полиция басшысы:

- Бұл Кольервилл қаласындағы тарихында бұрын-соңды болмаған ең сұмдық оқиға. Атыстан шошынған адамдар дүкендегі тоңазытқыштардың ішіне тығылып қалған. Оларды біз шығарып алдық.

Сондай-ақ...