Эльбрусқа шыққан үш турист қаза тапты

Эльбруста тауға шыққан 3 альпинист қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай, тауға 2 гид пен 17 саяхатшы көтерілген. Альпинисттер қатты боран тұрғандықтан құтқарушылардан көмек сұраған. Алдымен 14 адам құтқарылды. Кейбіреулерінің қол-аяғы сынған, көбін үсік шалған. Кейін 5200 метр биіктікте ес-түссіз жатқан тағы екі адам табылды. Туристерді 4 мың метр биіктікте дәрігерлер күтуде. Ақ халаттылар 8 адамның жағдайы ауыр екенін айтады. Альпинистердің барлығы 30-дан асқан азаматтар. Ресейден келген туристер бұған дейін тауға шығып көрмеген екен. Оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды.