426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сан-Паулуда тұрғындар қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты

  • 102
  • UPD: 08:03, 24.09.2021
Сан-Паулуда тұрғындар қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты

Бразилияның Сан-Паулу қаласында тұрғындар қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілшілер қолына сиырдың сүйегін және бос ыдыстар ұстап алған.

Осылайша, олар елде, әсіресе, азық-түлік бағасының шектен тыс шарықтап кеткенін білдірді. Бразилия туын ұстап, оған «Аштық» деген сөз жазып алған наразы топ қаладағы Қор биржасының штаб-пәтерін басып алған. Әлеуметтік теңсіздікке ашынған жұрт инфляцияға жол беріп отырған Үкіметті тез арада таратуды талап етті. Жергілікті География және статистика институтының мәліметі бойынша тамыз айында қымбатшылық деңгейі соңғы 21 жылда ең жоғары деңгейге жеткен.

Хабар 24 телеарнасы