425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Румыния коронавирустың төртінші толқынына дайындалып жатыр

  • 102
  • UPD: 08:01, 24.09.2021
Румыния коронавирустың төртінші толқынына дайындалып жатыр

Румыния коронавирус індетінің төртінші толқынына дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі тұрғындар екпе салдыруға енжарлық танытып, вакциналау науқаны баяу жүруде. Салдарынан елде індет қайта өршіп, ауруханаларда науқастар саны артқан. Мамандар қазан айында күн сайын 20 мыңдай адам вирус жұқтыруы мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, Румынияда қазірге дейін халықтың 34%-і ғана егілген. Бұл Еуроодақтың өзге елдеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Хабар 24 телеарнасы