Ресей халқы үшін шетелге вакциналық турлар сатыла бастады

Ресейде шетелге вакцина салдыру үшін арнайы турлар сатыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең танымал бағыт – Сербия. 3 күндік жолдаманың құны 50 мың рубльден басталады. Бұл теңгеге шаққанда 300 мың шамасында. Сомаға әуе билеті, қонақ үйде тұру, тамақтану және медициналық сақтандыру шығындары кіреді. Мұнда ресейліктер AstraZeneca, Pfizer-BioNTech және Sinopharm екпелерін таңдай алады. Сонымен қоса, Германияға да вакциналық турлар ұсынылып отыр. Олардың бағасы қымбатырақ. Алайда бір қызығы, Германия ресейліктер үшін өз шекарасын әлі ашқан жоқ. Ресей азаматтары мұнда тек ерекше жағдайда ғана кіре алады.