АҚШ-та мұғалімдер жетіспей жатыр

АҚШ-та мұғалімдер мен өзге де мектеп қызметкерлері жетіспей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі бұл мәселе әуелден-ақ бар еді. Елде математика және жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдері мен тіл мамандары аз болатын. Алайда кейінгі уақытта сұраныс арта түскен. Өйткені пандемия кезінде коронавирус жұқтырып аламын деп қорыққан ұстаздар арасында зейнетке шығу не жұмыстан өз еркімен кету оқиғалары жиілеп кеткен. Мәселен, бір ғана Лос-Анджелесте мұғалімнің 500-ден аса бос орны бар. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 5 есе көп. Елде сондай-ақ тамақтану орындарының қызметкерлері де тапшы. Оған да пандемия себеп. Өйткені шектеулерге байланысты еңбек мигранттарының АҚШ-қа келуі қиындаған. Ал жергілікті тұрғындардың жалақысы төмен жұмысқа барғысы жоқ.

Сондай-ақ...