Apple 2 млрд дана iPhone сатқан

Apple алғашқы iPhone 2G смартфонын ұсынғаннан кейін 14 жыл өткен соң 2 миллиард ұялы телефон сатқан, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Бұл туралы белгілі талдаушы Гораций Дедиу мәлімдеді.

Гораций Стив Джобстың өлімінен кейін Apple жаңа құрылғыларды шығару стратегиясын өзгерткенін айтты. Табысқа осы себеп болған. 

Естеріңізге сала кетейік, компанияның негізін қалаушы Стив Джобс тұтынушыға құрылғыларды таңдауда жеңілдетілген схеманы ұсынуға тырысты. Ол бәсекелестерден озып кетуді және көп ақша табу мақсатын көздемеді, тек мінсіз өнім жасауды қалады.

Apple смартфондарының ішінде ең танымалы – iPhone 6 және 6 Plus, шамамен 220 миллионы сатылған. Одан кейін iPhone 11 – 150 миллион. IPhone 6s және 6s Plus желісінің 120 миллион данасы сатылған.