425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Гарри Поттер» жұлдызы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

  • 142
  • UPD: 11:23, 24.09.2021
«Гарри Поттер» жұлдызы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

Британдық актер Том Фелтон АҚШ-та гольф бойынша көрме турнирін өткізу кезінде есінен танып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Оқиға Висконсин штатында болған. 34 жастағы Фелтон еуропалық жұлдызды топтың құрамында американдық әріптестеріне қарсы өнер көрсеткен.

Ойыншылар суретке түскеннен кейін актер өзін нашар сезініп, жерге құлаған. Фелтон электр машинасының көмегімен алаңнан эвакуацияланды. Ауруханаға жедел жеткізілген «Малфойдың» есінен тануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Том Фелтон 1997 жылы алғаш рет кино саласында дебют жасаған. Оған «Гарри Поттер» фильмдеріндегі Драко Малфойдың рөлі танымалдылық әкелді.

Хабар 24 телеарнасы