Ресейде Ан-26 ұшағы құлаған жерден экипаж мүшелерінің дене қалдықтары табылды

Ресейдің Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Хабаровск аймағында құлаған Ан-26 ұшағының экипаж мүшелерінің дене қалдықтарын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС сілтеме жасап.

«Тексеру кезінде қаза тапқан экипаж мүшелерінің қалдықтары табылды, олар сот-медициналық және геномдық сараптамалар жасау үшін мекемелерге жіберіледі», - делінген баспасөз мәліметінде.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын Ресейдің Хабаровск өлкесінде Ан-26 әскери ұшағы радардан жоғалып кеткен болатын. Кейін ұшақтың сынықтары табылды.

Сондай-ақ...