Камчаткада тікұшақ құлады

Ресейдің Камчатка аймағындағы Острая тауының жанында Ка-27 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Әр түрлі мәліметтер бойынша, бортта үш адамнан бес адамға дейін болған.

«Тікұшақ сынықтары тау аймағынан табылды. Әзірге борттағы адамдардың тағдыры белгісіз», - делінген хабарламада.

Әуе кемесі Ресейдің ФҚҚ-ға тиесілі болған.