Пермь университетінде оқ жаудырған студент есін жиды

Ресейдегі Пермь университетінде атыс ұйымдастырған Тимур Бекмансуров есін жиды, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новостиге сілтеме жасап.

Есек сала кетейік, Ресейдегі университетте белгісіз біреу оқ жаудырып, кейіннен 8 адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз. Атысты сол университеттің студенті ұйымдастырғаны белгілі болды. Оны ұстау кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада аяғы ампутацияланды. Сонымен қатар оқиға орнынан атыстың видеосы жарияланды. Кейіннен мерт болғандардың тізімі анықталды.