426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Каталонияның дербестігі үшін басты күрескер Пучдемон тұтқындалды

  • 98
  • UPD: 18:00, 24.09.2021
Каталонияның дербестігі үшін басты күрескер Пучдемон тұтқындалды

Италияда Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон тұтқындалды. Саясаткер Сардиния аралында қамауға алынды.

Испания билігі Пучдемонды «бүлікке себеп болды», «ақша жымқырды» және «заңсыз референдум ұйымдастырды» деп айыптап отыр. Әңгіме 2017 жылғы референдум жайлы. Сол кезде Каталония тұрғындарының дені Испания құрамынан шығу үшін дауыс берген. Алайда Испанияның жоғарғы соты саясаткерді тұтқындау туралы қаулы шығарып, ол елден қашып кеткен. 2019 жылы Еуропарламенттің депутаты болып сайланып, соның арқасында сотпен қудаланбайтын болған. Алайда биыл көктемде депутатқа тән бәрқатар артықшылықтан айырылған.

Айта кетейік, ол референдум болған жылы Каталония үкіметін басқарған. Ал оның қамалуына наразы болған каталониялықтар шеруге шықты.

Карме Сегура, ереуіл қатысушысы:

- Оның тұтқындалуы әділетсіздік. Карлес Пучдемон демократиялық жолмен сайланған адам. Ол Каталония егемендігін қолдағаны үшін осындай қиындықтарға тап болды. Сондықтан оның қамауда отырғаны дұрыс емес.

Хабар 24 телеарнасы