Пальма аралындағы жанартау егін алқаптарына таяп қалды

Испанияның Ла-Пальма аралында оянған жанартау әлі басылар емес. Жанартау бүгінге дейін 320 ғимаратты күлге айналдырды.

Жақын маңдағы елді мекендерден 6800-ден астам тұрғын эвакуацияланды.

Абырой болғанда, апат кезінде адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ. Мамандар биіктігі 12 метрге көтерілген лава әлі бірнеше күн бойы ағып, егістік алқаптарын құртады деп дабыл қағып отыр.

Қазірдің өзінде шаруалар әлі піспеген банан жемістерін жинауға кірісіп кетті. Сарапшылар табиғат апатынан келген шығын мөлшерін 90 млн евроға бағалайды.

Сондай-ақ...