426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сомалиде кинотеатрлар жұмысы жанданды

  • 131
  • UPD: 09:28, 25.09.2021
Сомалиде кинотеатрлар жұмысы жанданды

Сомали астанасы Могадишода соңғы 30 жылда алғаш рет кинотеатрда фильмдер қайта көрсетіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі бұл орын 1967 жылы ашылған еді. Алайда 1991 жылы елде азаматтық соғыс басталған соң, көрсетілімдер тоқтатылған. Содырлар ғимаратты база ретінде қолданды. 2012 жылы Африкалық одақтың қолдауымен нысан жөндеуден өтіп, билік кино қайта көрсетілетінін жария еткен. Алайда араға 2 апта салып, содырлар мұнда лаңкестік әрекет ұйымдастырған.

Айта кеткен жөн, бұл жолы келушілер қатаң тексеруден өтеді. Өйткені кинотеатр президент сарайы мен парламент жанында орналасқан. Ал билет құны –10 доллар. Бұл Сомали халқы үшін аз ақша емес. Десе де мәдениет қайраткерлері халық арасында үлкен қызығушылық болатынына сенімді.

Каиф Джама, актриса:

– Кино түсіремін деген Сомали жастары үшін жақсы болды. Енді олар өз туындыларын жергілікті жұртқа көрсете алады. Біздің халық теледидар арқылы тек араб не үнді фильмдерін көреді. Сондықтан отандық киноны дамыту керек.

Хабар 24 телеарнасы