425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Грузияны Ресеймен байланыстыратын жаңа тоннель салынып жатыр

  • 93
  • UPD: 09:34, 25.09.2021
Грузияны Ресеймен байланыстыратын жаңа тоннель салынып жатыр

Грузияда Ресей шекарасына баратын жолда жаңа тоннельдің құрылысы басталды. Оңтүстік Кавказда осындай кешен алғаш рет салынайын деп отыр. Соңғы 9 жылда Грузияға келетін шетелдік көліктің саны үш жарым есе артты. Сондықтан транзиттік әлеуеті зор ел үнемі күре жолдар құрылысы мен жөндеуіне инвестиция құйып келеді. Тоннельмен бірге жаңа жол да салынып, бұл көлік жүргізушілеріне жүгін уақытылы жеткізуге кедергі келтірге мәселелерді шешуге көмектеседі. 

Жыл сайын қыста таулардан қар көшкіні жүріп, көлік жүргізушілері жолынан қалатын. Ал бұл жолдың стратегиялық маңызы бар. Грузияны құрлық арқылы Ресеймен байланыстыратын жалғыз дәліз. Енді 9 шақырымдық тоннель жүк көліктерінің жолға кететін уақытын едәуір азайтып, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Нұрлан Жетенов, көлік жүргізуші:

– Қыста ауа райы бұзылғанда ұзақ күтуге тура келеді. Көлік көп жиналып, екі ай тұрған кездер болған. Бұл тоннель – өте орынды шешім. Уақыт үнемдеп, жұмысымызды жеңілдетеді. Сондықтан бұл шешімді қолдаймын.

Жалпы Грузияның жалпы ішкі өнімінде жүк транзитының үлесі 6%-тен асады. Сол себептен ел билігі бұл құрылысқа үлкен көңіл бөліп отыр. Тонель салынғаннан кейін жүк көліктері кедергісіз өтеді. Әсіресе, бұл тез бүлінетін тауарларды тасымалдайтындар үшін маңызды. 

Азамат Кучкаров, көлік жүргізуші:

– Ұзақ тұрғанда тез бүлінетін өнім тасымалдаушылары қиналады. Армения мен Грузиядан Ресейге немесе өзге елдерге жеміс пен көкөніс жеткізетін көліктер. Былтыр солай болды дейді. Жеке өзім көрген жоқпын, бірақ жүргізушілер тауарлары бұзылып, шығынға ұшырағанын айтады.

Жаңа тоннель – Еуропадағы ең ұзын әрі күрделі инженерлік құрылғылардың бірі. Жалпы жоба бойынша оған қоса 23 шақырымдық жол, 5 көпір мен тағы да бірнеше шағын тоннель салынбақ. Құны 300 миллион доллардан асатын құрылысты 2024-жылы аяқтау жоспарланған. 

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы