Әлемде вакцинаны бірінші болып алған кейуанаға бустерлі екпе салынды

Әлемде вакцинаны бірінші болып алған кейуанаға бустерлі екпе салынды

Әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші болып салдырған Ұлыбритания тұрғыны 91 жастағы Маргарет Кинан бустерлі екпе алды.

Кейуана күшейткіш екпені Ковентри қаласындағы университет ауруханасында салдырды. Кинанмен бірге оған алғашқы вакцинаны салған мейірбике де егілді.

Айта кетейік, Ұлыбритания – қазір халықты коронавирусқа қарсы вакциналау бойынша көш басында келе жатқан елдің бірі. 67 миллиондай тұрғыны бар корольдікте халықтың 82 проценті толық вакциналанған. Ал екпенің бірінші дозасын алғандар қарасы 90 процентке тақады.