Брюссельде Пучдемонды тұтқындауға қарсы шеру өтті

Бельгия астанасында Испаниядағы Каталония аймағының бұрынғы басшысы Карлос Пучдемонды тұтқындауға қарсы наразылық шеру өтті.

Каталония ұлттық ассамблеясының ұйымдастырумен өткен акциға жергілікті «Жаңа фламандық одақ» партиясының өкілдері де қатысты.

Еске сала кетейік, Карлос Пучдемон  Италияның Сардиния аралында Каталония мәдениеті күндері мерекесіне қатысуға барғанда қамауға алынған болатын. Шерушілер бұл заңсыз деп отыр. Ал Испанияда саясаткерге Каталония аймағын елден бөлу үшін заңсыз реферндум өткізіп, бүлік шығарды деген айып тағылған. 

Антони Комин, Еуропалық парламенттің мүшесі:

– Бұл заңсыз тұтқындау. Себебі Карлос Пучдемонды қамауға алу туралы еуропалық бұйрықтың күші жойылған. Люксембургта өткен Еуропалық соттың осы шешімін Испанияның өзі де мойындағн. Яғни бұл заңсыз әрекет екені айдан анық. Пучдемон Италияның сот жүйесі тиісті шешім қабылдайды деп сенеді. Бірақ біз Люксембургтағы Еуропалық сотқа шағымданатын боламыз.

Сондай-ақ...