БҰҰ: Сирияда жиырма жылда 350 мың адам қаза тапқан

Сирияда 20 жылдың ішінде қарулы қақтығыстан 350 мыңнан астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 54 мыңы әйелдер мен балалар. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы хабарлады. Өлім ең көп көп тіркелген аймақ - Алеппо провинциясы. Ұйымның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының айтуынша, қанды қырғыннан опат болғандар тізіміне жеке мәліметі анықталғандар ғана енген. «Сондықтан Шам жеріндегі соғыс кезінде көз жұмғандар саны әлдеқайда көп», - дейді ұйым өкілі.

Сондай-ақ...